Бұл күндері Ташкентте спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Милад Карими көпсайыс қорытындысында күміс медаль жеңіп алып, ел қоржынына тарихи медаль салды. Ұлттық құрама көшбасшысы көпсайыста жалпы 84,632 ұпай жинап, жалпы есепте екінші орынға табан тіреді. Бұрын-соңды қазақстандық спортшылар Азия чемпионатының көпсайысында жүлде жеңіп көрмеген. Осылайша, Милад Карими тарихи нәтижені тіркеді.Читать далее