Гимнаст Айбота Ертайқызы Азия чемпионатында алтын медальға ие болды

Гимнаст Айбота Ертайқызы Азия чемпионатында алтын медальға ие болды Қазақстан құрамасының өкілі Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан Сингапурда өтіп жатқан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

Қазақстандық гимнаст таспамен жаттығудың финалында жеңіске жетті.

Ал Айым Мейіржанова ұршықпен жаттығуда үшінші орынға көтерілді.

Айта кетейік, Айбота Ертайқызы жекелей көпсайыста да үшінші нәтиже көрсеткен болатын.