Астанада көркем гимнастика ұлттық құрамасының әлем чемпионатына дейінгі шешуші дайындық кезеңі өтті.
Шешуші дайындық кезіңіне Қазақстан гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупова қатысты.
Айта кетейік, әлем чемпионаты 20-24 тамыз аралығында Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтеді.
Жекелей жаттығуларда ел намысын Айбота Ертайқызы мен Айым Мейіржанова қорғайды.
Топтық жаттығуларда өнер көрсететін спортшылар: Аида Хакімжанова, Айзере Кеңес, Жасмин Жүнісбаева, Кристина Чепульская, Айзере Нұрмағамбетова және Мадина Мырзабай.
Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
Серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры
