26-28 қыркүйек аралығында Венгрияның Сомбатхей қаласында спорттық гимнастикадан Challenge кубогының кезеңі өтеді.
Халықаралық гимнастика федерациясы жарысқа қатысатын командалардың алдын ала құрамын жариялады.
Бұл турнирде еліміздің намысын төрт спортшы қорғайды: Милад Карими, Дмитрий Патанин, Роман Мастеров, Диас Тойшыбек.
Айта кетейік, жуырда ғана Парижде (Франция) өткен кезеңде Нариман Курбанов ат снарядында орындалатын жаттығуда алтын медаль жеңіп алған еді.
Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
Серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры
