kkruКазахстанская федерация гимнастики

Астанада батуттағы гимнастика бойынша жаттықтырушылар мен төрешілерге арналған техникалық семинар өтті

Астанада батуттағы гимнастика бойынша жаттықтырушылар мен төрешілерге арналған техникалық семинар өз мәресіне жетті. Оны Қазақстан гимнастика федерациясы ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті және Халықаралық гимнастика федерациясының (FIG) қолдауымен ұйымдастырды.

Іс-шара 21-22 тамыз аралығында Халықаралық Олимпиадалық комитеттің Olympic Solidarity бағдарламасы аясында өтті.

Екі күндік курсқа еліміздің әр өңірінен 25 маман қатысты. Спикер ретінде FIG техникалық комитетінің мүшесі Николай Макаров шақырылып, қатысушыларға оқыту мен төрешілік әдістемесіндегі заманауи тәсілдерді таныстырды.

Бұл семинар — Қазақстан гимнастика федерациясы мен ҰОК ұйымдастырған білім беру жобаларының жалғасы болды. Бұған дейін Алматыда спорттық және көркем гимнастика бойынша осындай курстар өткен болатын. Осылайша, соңғы бір жыл ішінде Olympic Solidarity бағдарламасы аясында олимпиадалық гимнастика түрлерінен шамамен 170 қазақстандық маман біліктілігін арттырды.

Мұндай жобалар жаттықтырушылар мен төрешілерге жаңа олимпиадалық маусымның жаңартылған ережелерін меңгеруге ғана емес, жалпы қазақстандық гимнастиканың дамуына да ықпал етеді.

«Биыл жаңа олимпиадалық цикл басталды. Осы маусымнан бастап жаңа ережелер күшіне енді. Сондықтан біздің міндетіміз — барлық өзгерістің мәнін түсіндіріп, қатысушылармен төрешілік бойынша тәжірибе алмасу.

Жаңа элементтер пайда болғандықтан, спортшыларды дайындау жүйесінің ерекшеліктерін де қарастыру қажет. Талқылауды қажет ететін көптеген мәселе бар. Осындай семинарлар бізге оларды жан-жақты қарастыруға мүмкіндік береді», — деді Николай Макаров. Айта кетейік, қазіргі таңда 30-дан астам төреші Халықаралық гимнастика федерациясының (FIG) халықаралық санатына ие. Ал мұндай бағдарламаларға қатысу Қазақстанның әлемдік гимнастика қауымдастығындағы беделін нығайтып, ұлттық құраманың Олимпиада ойындары секілді ірі жарыстарда сәтті өнер көрсету мүмкіндігін арттыруға ықпал етеді.

Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
Серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

Leave a Reply