МИЛАД КАРИМИ ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНІҢ ФИНАЛЫНА ЕКІНШІ ОРЫНМЕН ӨТТІ

Котбус (Германия) қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезеңі басталды. Қазақстандық Милад Карими халықаралық жарыстың финалына жолдама алды.

Спортшы еркін жаттығулар бойынша іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, 13,700 ұпай жинады. Карими финалға екінші орынмен өтті.

Іріктеу кезеңіндегі ең үздік нәтижені 13,833 ұпаймен италиялық Никколо Вануччи көрсетті.

Айта кетейік, әлем кубогы кезеңінің іріктеу сындары жалғасуда.

Leave a Reply