Дохада өтіп жатқан Халықаралық гимнастика федерациясының 85-Конгресінде FIG Кеңесінің мүшелері сайланды.
Азия гимнастика одағының ұсынуымен және Әлия Юсупованың бастамасымен Қазақстандық гимнастика федерациясының вице-президенті Даниса Дүйсенғалиева FIG Кеңесінің мүшесі болып сайланды. Даниса Дүйсенғалиеваның кандидатурасы Қазақстандық гимнастика федерациясы атынан президент Әлия Юсупованың бастамасымен Халықаралық гимнастика федерациясына жіберілді.