Дохада өтіп жатқан Халықаралық гимнастика федерациясының 85-Конгресінде көркем гимнастикадан FIG техникалық комитетінің мүшелері сайланды.
Әлия Юсупованың ұсынысымен мүшелікке үміткер болған Қазақстандық гимнастика федерациясының Халықаралық қатынастар жөніндегі вице-президенті Алуа Бектұрова көркем гимнастика бойынша FIG техникалық комитетінің мүшесі болып сайланды.
Алуа Бектұрованың кандидатурасы Қазақстандық гимнастика федерациясы атынан президент Әлия Юсупованың бастамасымен Халықаралық гимнастика федерациясына жіберілді.