Спорттық гимнастикадан Венгрияның Сомбатхей қаласында өткен Challenge Cup жарысында Қазақстан құрамасы екі алтын медаль иеленді.
Финалдың алғашқы күнінде Дарья Ясинская қол тіреп секіру жаттығуында жүлдеге таласып, 13.166 ұпаймен тұғыр биігіне көтерілді. Бұл – 20 жастағы Дарья үшін Challenge Cup жарысының алғашқы медалі.
Артынша ерлер арасындағы қол тіреп секіру жаттығуында Асан Сәлімов ел намысын қорғап, 14.300 ұпаймен қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанды.
Ал гимнастикалық ат снаряды жаттығуында Азиз Иляьсов 4-орынға тұрақтаса, Диас Тойшыбек керме жаттығуында үздік бестік қатарынан көрінді.
Осымен 2024 жылғы Challenge Cup жарыстары сериясы аяқталды. Биыл жарыс Анталья, Осиек, Варна, Копер және Сомбатхей қалаларында өтті.