Эльжана Таниева Париж Олимпиадасында өнер көрсетті

Париждегі жазғы Ойындарда көркем гимнастикадан жекелей сындағы көпсайыстың іріктеу кезеңі аяқталды. Қазақстан намысын қорғаған Эльжана Таниева көпсайыс қорытындысында 126.600 ұпай жинап, 13-орынға табан тіреді. Гимнасшымыздың әр жаттығуда жинаған ұпайы: Шығыршық – 30.850 ұпай Доп – 32.000 ұпай Ұршық – 32.300 ұпай Таспа – 31.450 ұпай Айта кетейік, Эльжана Таниева Олимпиада ойындарында алғаш рет бақ сынады.

Leave a Reply