kkruКазахстанская федерация гимнастики

Милад Карими алғаш рет Азия чемпионы атанды

Ташкентте өткен спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында Милад Карими жеңімпаз атанды.

Гимнастикалық керме жаттығуы финалында 15.033 ұпай жинаған спортшымыз қарсылас шақ келтірмей, тұғыр биігіне көтерілді. Бұл — оның ересектер арасындағы құрлықтық додада жеңіп алған алғашқы алтын жүлдесі.

Бұған дейін Милад көпсайыста және еркін жаттығуда Азия чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алған еді.