Гонконгта батуттық гимнастикадан Азия елдері арасында жарыс өтті

Әртүрлі жас топтары арасында өткен жарыста Қазақстан құрамасы 3 алтын, 1 күміс пен 2 қола медаль жеңіп алды.

Жасөспірім спортшыларымыз арасында Абдулазиз Абдуллаев, Софья Долгополова мен Екатерина Кожемякина тұғыр биігінен көрінді.

Ал Адал Манат жарыста күміспен күптелсе, Әбілмансұр Жақсылық пен Руслан Измаилов қола жүлдеге қол жеткізді.

Осылайша, турнирде 6 медаль олжалаған отандастарымыз жалпыкомандалық есепте 2-орынға тұрақтады.