Спорттық гимнастикадан Ташкентте өткен Азия чемпионатында ел қоржынына қола жүлде түсті.
Әйелдер арасында еркін жаттығуда бақ сынаған Аида Бауыржанова 13.066 ұпаймен үшінші орынға табан тіреді.
Бұл – Қазақстан тарихындағы Азия чемпионатының алғашқы жүлдесі!
Сонымен қатар, гимнасшымыз осы жарыста биылғы жылғы ең көп ұпайын жинады.
Айта кетейік, спорттық гимнастикадан Қазақстан әйелдер құрамасы 1996 жылдан бері Азия чемпионатында жүлде жеңіп көрмеген.