Италияның Милан қаласында көркем гимнастикадан әлем кубогы аяқталды. Бұл жарыстарда ел намысын Эльжана Тәниева мен Эрика Жайлауова қорғады.
Көпсайыста Эльжана Таниева 13-ші болып, доппен жаттығуда финалға өтті. Эрика Жайлауова кубокты 20-орынмен аяқтады.
Доппен жаттығудың қорытындысы бойынша Эльжана 32.100 ұпаймен 4-орынға тұрақтады.
Жарыстың алғашқы үштігіне Германия мен Болгария спортшылары кірді.
Гимнастшыларымызға алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз