Тарту қаласында (Эстония) көркем гимнастикадан Гран-при аяқталды.
Қазақстандық гимнастшы Эльжана Таниева шығыршықта финал қорытындысы бойынша күміс жүлде иегері атанды.
Ұршықта Эльжана жүлдеге 1 қадам жетпей тоқтаса, лентада спортшымыз алтыншы нәтиже көрсетті. Көпсайысты Таниева 9-шы аяқтап, үздік ондыққа кіре алды.
Гран приге барлығы 29 мемлекет спортшылары қатысты.