Нариман Құрбанов Париждегі World Challenge Cup жарысының күміс жүлдегері атанды!
Франция астанасында спорттық гимнастикадан әлем Кубогының кезеңі өтіп жатыр. Турнирге әлемнің 37 елінен 173 спортшы қатысуда.??
Нариман ат снарядында 14.450 ұпай жинап, күміс медальға қол жеткізді. Ирландиялық Рис Маккленаган (15,100) чемпион атанса, тайпейлік Шяо Ю-Янг (14,350) қола жүлдені жеңіп алды.
Нариманды және барша жаттықтырушылар құрамын құттықтаймыз!