Спорттық гимнастикадан Қазақстанның ерлер құрамасы Түркияда өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола медаль жеңіп алды.
Алтын медальді Түркия спортшылары иеленсе, екінші орында Өзбекстан құрамасы орналасты.
Ертең спортшылар алты снаряд бойынша финалдық сынға түседі.