Португалияда батут гимнастикасынан Қазақстан жастар құрамасы халықаралық турнирде өнер көрсетті.
15-16 жас тобындағы спортшыларымыз Никита Тумаков, Руслан Сатыга және Руслан Измайлов командалық есепте бірінші орын иеленді. Жеке біріншілікте Измайлов 2-орын, Тумаков 8-орын, Сатыга 7-орынға жайғасты.
17+ жас санатында сынға түскен Роман Барков, Ерлан Тасмағамбетов және Алдияр Жұмақұлов жалпы есепте үшінші орынға ие болды.
Жекелей өнер көрсетуде Тасмағамбетов төртінші, Барков бесінші орыннан көрінді.
Сондай-ақ осы жас санатында Виктория Бутолина турнирдің күміс медалін жеңіп алды.