Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының үздіктері Милад Карими мен Нариман Құрбанов Алматыда жас гимнастшыларға арналған ашық жаттығу сабағын өткізді.
Спортшылар балаларға гимнастикалық ат снарядында, сондай-ақ қоссырық пен кермедегі жаттығулар жасау бойынша шеберлік сыныбын көрсетті.
Біз бұл тәжірибе өсіп келе жатқан чемпиондарымызға қосымша уәждеме беріп, жеңіске деген ұмтылыстарын арттыратынына кәміл сенеміз!