Бүгін елордада көркем гимнастикадан спорт шеберлері арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды.
Командалық біріншілікте 1 орынды Нұр-Сұлтан қаласының командасы жеңіп алса, 2 орынға Шымкент қаласының спортшылары орналасып, 3 орынды Алматы қаласының құрама командасы иеленді.
Жеке бағдарламада шымкенттік Елжана Таниева 2022 жылғы Қазақстан чемпионы атанды. Шымкент қаласының спортшысы Баян Қойбақар күміс медалді иеленсе, елордалық Сабина Бақатова қола жүлдені жеңіп алды.
Көпсайыстың топтық бағдарламасында:
1 орын – Нұр-Сұлтан қаласы (54.000)
2 орын – Шымкент қаласы (48.300)
3 орын – Алматы қаласы (45.150).
Барлық гимнастшылар мен жаттықтырушыларды 2022 жылғы көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионатының сәтті аяқталуымен құттықтаймыз!