УТС Түркияда

Ерлер арасындағы спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасы 6-22 ақпан аралығында оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Түркияның Болу қаласына келді.
Команда құрамы: Карими Милад, Курбанов Нариман, Набиев Фарух, жаттықтырушылар штабын бас бапкер Ким Александр Томович және Горбачев Степан Владимирович басқарды.

Болу – Түркиядағы ең танымал спорттық курорттардың бірі. Мұнда Түркияның баскетбол және футбол ұлттық құрамалары мен әлемнің көптеген елдерінің ұлттық құрамалары жаттығады.
Қазақстан гимнастика федерациясы «Халық банкі» АҚ мен “Самрұқ Қазына Trust” әлеуметтік жобалар қорына федерация спортшыларына демеушілік көрсеткені үшін алғыс білдіреді.