kkruНациональная федерация гимнастики Казахстана

Қазақстандық гимнастар Азия ойындарында жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Қазақстан ерлер құрамасы спорттық гимнастикадан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарындағы командалық бәсекеде ел намысын қорғады.

Ұлттық құрама командалық сайыста 237.596 ұпай еншілеп, төртінші орынға жайғасты. 

Қазақстан командасының сапында Нариман Курбанов, Дмитрий Патанин, Милад Карими, Нуртан Идрисов, Ильяс Азизов өнер көрсетті.

Командалық сында Қытай құрамасы топ жарды — 255.095. Жапония 253.826 ұпаймен екінші орын алса, Қытайлық Тайбзй 239.896 үздік үштікті түйіндеді.

Сурет: Арлан Олжабай

Leave a Reply