Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Сингапурда өтіп жатқан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды. Отандастарымыз топтық жаттығуларда алтын медаль жеңіп алып, көпсайыста жеңіске жетті. Екінші орынды Оңтүстік Корея құрамасы иеленсе, Өзбекстан үшінші нәтиже көрсетті. Айта кетейік, бұл бағдарламада ел намысын Айзере Кеңес, Аида Хәкімжанова, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағанбетова, Кристина Чепульская және Жасмин Жүнісбаева қорғады.Читать далее
16 мамырда Сингапурда көркем гимнастикадан Азия чемпионаты басталады. Жекелей бағдарлама бойынша Қазақстан атынан Айбота Ертайқызы мен Айым Мейіржанова медаль үшін бақ сынайды. Топтық жаттығуларда еліміздің намысын Жасмин Жүнісбаева, Айзере Кеңес, Аида Хәкімжанова, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова және Кристина Чепульская қорғайды. Азия чемпионаты 18 мамырда аяқталады.Читать далее