Нариман Құрбанов екі дүркін Азия чемпионы атанды

Спорттық гимнастикадан Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Нариман Құрбанов алтын медаль иеленді.

Отандасымыз ат снаряды жаттығуы финалында 15.600 ұпай жинап, тұғыр биігіне көтерілді.

Осылайша, ұлттық құрама мүшесі екі дүркін Азия чемпионы атанды. Нариман өткен жылы Сингапурда өткен құрлықтық додада да жеңіс тұғырынан көрінген еді.