Германияда спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезеңі басталды
Котбус қаласында өтіп жатқан жарыста қазақстандық гимнасттар іріктеу сынында өнер көрсетуде.
Ат снарядында Нариман Курбанов көш бастап тұр. Ол 15.200 ұпайымен финалға жолдама алды.
Оған қоса, еркін жаттығуда Милад Карими мен Дмитрий Потанин да финалдық кезеңге өтті.
Іріктеу нәтижесінде Милад Карими 14.600 ұпай алса, Дмитрий Потанин 13.966 көрсеткішімен әзірге 7-ші орында. Бүгін іріктеу кезеңінің екінші жарыс күні өтеді.
Айта кетейік, финалдық сайыстар 25-26 ақпанда өтеді.